04.05.2014
Сонымен, Астанада жеңістің 69- жылдығына, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне орай еске алу митингілері, мерекелік концерттер және түрлі салтанатты шаралар өтеді.
Бұдан басқа, «Отан қорғаушылар» монументінің алдында сұм соғыста қаза тапқандардың құрметіне салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 258 Ұлы отан соғысының ардагері бар.
«Олардың барлағы жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік төлем алатын болады. Демек, олардың әр қайсысына Жеңістің 69 жылдығына орай 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы береледі. Сонымен қатар, соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, тылда еңбек еткендер және соғыста туған туыстарына айрылғандарға 10 мың теңгеден үйлестірілетін болады», -деп елорданын әкімдігінен хабарлады.
Сонымен қатар, ардагерлер мерекелік концерттерге жіберіліп, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі және естелік сыйлықтар тарту етіледі.
Ал, өз бетінше қозғала алмайтындарға үйлеріне арнайы барып құрмет көсетіледі. Оларға естелік сыйлықтар мен шипажайға жолдамалар табысталады.