04.05.2014
Биыл облыста 500-ден астам мемориалды, мәдени және көпшілік шарасын ұйымдастыру жоспарланған, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
1 мамырдан бастап мерекелік концерттер, ардагерлермен кездесу, балалар патриоттық шаралары өтеді. Мектеп оқушылары мен студенттер «Ардагерлер жанымызда» шарасына қатысады. Белсенділер ардагерлердің үйін жинастырып қол ұшын береді.
Сонымен қатар, Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер ұйымының шығармашылық жұмыстары көрмесінің қорытындысы шығарылады.
Сондай-ақ, «Жеңіс салюті» жеңіл атлетика эстафетасы өткізіліп, ардагерлер арасында компакт-спортинг пен стендтік ату жарыстары ұйымдастырылады.
Ал облыс орталығына кіре берістегі Қабанбай батыр ескерткішінің ашылуы 7 мамыр күні өтеді.
«Жеңіс күнінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою мен әскери бөлімшелерді салтанатты сапқа тұрғызу және ардагерлер үшін «Жауынгер ботқасы» дәстүрлі шаралары көрсетіледі. Шара соңында қала орталығы алаңында концерт ұйымастырылып, мерекелік от шашу өтеді», - делінген хабарламада.