04.05.2014
«Украиналық ірімшіктерге қатысты - ресейлік және белорусьтік тарап Ресейде өткізілген санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес Украинада өндірілген ірімшіктердің құрамында бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Осы өнімді әкелу бойынша шектеу сипатындағы шаралар қабылдадық», - деді Б. Қуандықов.
Ол сондай-ақ Агенттіктің тұтынушыларға қай өндірушілердің қандай өнімдерінде бұзушылықтардың бар екенін хабарлау бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті.
Бұдан өзге, Агенттік басшысы бірқатар сатып алулар мен талдаулардан кейін ресейлік және белорусьтік өндірістің құс етінің бірқатар атауларын сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.