01.05.2014
Жаңа депо қазіргі заманғы жағдайлар есебімен, сонымен қатар архитиктуралық-техникалық шешімдеріне және дизайнына сай салынды, деп ІІМ хабарлады.
Материалдық базасы қазіргі заманғы техникалармен және халқаралық стандарттарға сай, сонымен қатар жайлы қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен жабдықталған. 6 шығуға арналған өрт сөндіру депосы (ІІ типті) – бөлек тұрған 4 қабатты ғимарат.
Депоның құрамына өрт сөндіру техникасы тұратын үй-жай, байланыс пункті, жең бөлігі, өртке қарсы жабдықтар қоймалары және мүкәмалдары, 20 бөлмесі, бір, екі, үш бөлмесі бар жатақхана, оқу мұнарасы, қазандық кіреді.
Жаңа өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі Жаңаөзен мен оған жақын орналасқан елді мекендердің өртке қарсы сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді, онда 130 мыңнан астам адам тұрады, сондай-ақ қосымша 140-тан аса жұмыс орны жасалатын болады