29.04.2014
«2014 жылдың 2 сәуіріндегі Мемлекет басшысының қаулысына сай, Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпкерліктерінің және жеке кәсіпкерлердің жұмысына тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды. Аталмыш мораторий 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады. Қаулының ең маңызды пункті – ШОБ-ті жоспарлы тексерістен толықтай арылту. 2015 жылдан бастап ШОБ кәсіпкерліктерін жабу тәртібі қысқартылып, 140-тан астам рұқсат қағаздарының берілуі толықтай электронды нұсқаға алмастырылаы. Бұл шаралар біздің еліміздің кәсіпкерлігінің дамуын қолдап, ынталандырып, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуге мүмкіндік береді», - дейді Б.Смағұлов.
Оның айтуынша, моратрий кезінде Үкімет әлемдік талаптарға сай, тексеріс жүргізудің жаңа үлгісін жасап шығаруы керек.
«Алайда, 5 нақты оқиғаға көңіл бөлу қажет, аталмыш моратоий өзі тексеріске түспесе. Бірінші кезекте, бұл қауіпсіздік сұрағына тәуелді, оның ішінде конституциялық, ұлттық және заңды түрде қарастырылады. Сондай-ақ, тексеріс шағын және орта бизнестің өтініші негізінде жасалады, оны тексеру осы өтінішпен тікелей байланысты», - деді ККМ көліктік реттеу комитеті төрағасының орынбасары.