28.04.2014
Қазақстандық мал шаруашылығы қожалықтарына жоғары өнімді сапалары бар қазақтың ақбасты асыл тұқымды бұқалары ұсынылады, деп «ҚазАгро» АҚ-да хабарлады.
Саудаға 55 бас - «Элита», «Элита рекорд» өндірушілері қойылады.
Сондай-ақ, аукцион барысында шара қатысушылары бүгінгі күні мал шаруашылығында қолданылатын технологиялық жаңалықтармен танысады, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары көрмесін тамашалап, республиканың басқа өңірлерінен келген әріптестерімен қызметтік кездесулер өткізеді.