25.04.2014
«Бүгінде республика халқының 4% тұратын Астанада ішкі жалпы өнімнің 9,4 % өндірілсе, мемлекеттік бюджет түсімінің 12%, еліміздің негізгі капиталына инвестицияның 9% қамтамасыз етеді. Осы ретте 2013 жылы қалада ЖӨӨ көлемі 2,7 трлн. теңгені құрады. Осылайша ЖӨӨ жан басына шаққанда 23 мың долларға жетті», — деді И.Тасмағамбетов.
Екіншіден, 2013 жылдың ішінде кәсіпорын өндірісі 6,7%-ға өсіп, 263,2 млрд. теңгені көрсетті.
Қазіргі уақытта жалпы өңірлік өнімнің 60% жуығын құрайтын шағын және орта бизнес секторы елорданың экономикалық негізін құрап отыр. Жалпы алғанда қызмет көрсету саласында 316 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 77% жуығы жұмыс істейді. Жыл сайын 70% астам жаңа жұмыс орны құрылады.
Бұған қоса, мемлекеттік бюджетке түсімдер жылына орта есеппен 20%-ға тұрақты түрде ұлғайып келеді. Бес жылда түсімдер 2 есеге артты және 2013 жылы 610 млрд. теңгеден астамды құрады.
Келер жылдан бастап республикалық бюджетке 7,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 17,3 млрд. теңге көлемінде қаржы алынады. Яғни, Астана республикалық бюджет «донорларының» төртеуінің құрамына енеді.
Камила Амирова, Мөлдір Бекбергенова