24.04.2014
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, шара барысында Ақтөбе облыстық ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дамиля Құнанова Қазақстанның дамуы үшін жастарды оқытудың жоғарғы деңгейі керектігін айтты.
«Дуалды оқыту жүйесін енгізу кәсіпкерліктердің қатысуынсыз мүмкін емес. Оқыту шараларына жұмыс берушілердің де ат салысқаны жөн. Әлеуметтік әріптестік аясында кәсіпкерліктер дуалды оқытудың жекелеген элементтерін қабылдаумен шектелмей, ЖОО мен колледждердегі материалдық-техникалық базамен жарақтандырылу мәселесінің де шешімін табуа көмектеседі. Сонымен қатар, тәжірибелік шараларда да студенттрдің біліктіліктерін арттыруға жағдай жасайды», - дейді ол.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерліктерге мамандарды даярлау мен қайта даярлау процесіне кәсіпкерлердің өздерінің белсенді араласуы жұмыс орынына әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі.
Осы орайда кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілерді әріптестік жүйесіне тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда.