22.04.2014
««KEGOC» қор нарығына шығару бойынша компанияның жүзеге асырып жатқан шараларын ҚР Үкіметі қолдады. Тіпті, Қоғамның қор нарығына жыл соңына дейін шығуға кедергі келтіріп отырған түйіндерді шешуге көметесеміз делінді. Сонымен, тарифтік реттеу параметрі бойынша заңнамаға қажетті өзгертулер енгізілген соң ағымдағы жылдың желтоқсан айында «KEGOC-тың» акциялары қазақстандық қор биржасында саудаланатын болады деп ойлаймыз», - деді Е. Бахмутова.
Оның мәліметі бойынша, IPO-ға дайындық барысында «KEGOC» АҚ кешенді тексеру жүргізу, эмиссия аңдатпасын және басқа да қажетті заңды құжаттарды даярлау, бизнесті бағалау және маркетингті компанияны жасақтау жоспарланған.
Сондай-ақ, ол «Халықтық IPO» аясында «KEGOC» АҚ-ның он пайыз минус бір акциясын орналастыру жоспарланғанын атап өтті.
«Сарапшылардың талдауынан кейінгі нәтиже қалыпты тарифтік саясат болған жағдайда, компанияның өсу болашағы зор екенін көрсетті. Табыс салымдары екінші деңгейлі банктерге орналастырылған депозиттік салымдар сыйақысынан төмен болмаса, компанияның таяудағы 5-7 жылдық инвестициялық тартымдылығы артатын болады», - деді Е.Бахмутова.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын қаржы нарығына шығаруды биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарлап отыр.