• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұр Отан» партиясы  ШОБ-ты қолдауға бағытталған жобаны іске қосуда 22.04.2014

«Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» партиялық жобасы Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, деп партияның ресми порталы хабарлады.

Жоба шеңберінде республикада кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен дәріптеу жөнінде шаралар жоспарланып отыр. Мысалы, партияның сараптамалық алаңдарында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары талқыланатын болады. Жобаны жүзеге асыру жөнінде әріптестермен бірлесіп, кәсіпкерлердің барлық ұсыныстары мен бастамалары қаралып, одан әрі ілгерлету үшін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия Фракциясына жолданады.

Сондай-ақ, отбасылық кәсіпкерлік форумы, акциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары мен көрмелер өткізу жоспарлануда. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін отбасылық бизнесті басқару нұсқаулығы әзірленбек. Әкімшілік кедергілер бойынша әлеуметтік желілерде аса өткір проблемалық мәселелер жарияланып, талқыланатын болады.

«Біздің жобамыз қоғамда кәсіпкерлікке қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. Партия мемлекеттік қолдау құралдарына қол жеткізуде, сондай-ақ кәсіпкерлерді оқыту мен ақпараттандыруда көмек көрсетуді көздейді.  Өз кәсібін ашқысы келетін кез-келген азамат оны неден бастау керегі туралы, ең бастысы, қарапайым және ұғынықты жазылған толық ақпарат алуы тиіс», – деді «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Құмар Ақсақалов.

Жобаны жүзеге асыруға партияның барлық аймақтық филиалдары атсалысып, жергілікті жерлерде мемлекеттік органдар және бизнеспен бірлесіп туындаған проблемалық мәселелерді шешуге көмектесетін болады.



 


Back to the list