22.04.2014
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қоспа жем зауыты 2014 жылдың екінші жарты жылдығында пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны 375,9 млн теңгені құраса, жобалық қуаттылығы тәулігіне 80 тонна.
Қазіргі таңда құрылғылардың жеткіліксіз болған бөлшектері толықтай әкелінді. Құрылғылар сақадай сай.
Екінші жоба – «тамақ және техникалық тұз өндірісін жаңғырту» шілде айында аяқталады. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге болса, қуаттылығы жылына 200 мың тонна тамақ және техникалық тұзы.
2014 жылдың маусым айында мия тамырын өсіру мен өңдеу жобасын аяқтау көзделіп отыр. Жобаның жалпы құны 1,8 млрд теңге. Айта кету керек, 2014 жылдың бірінші маусымында 2014-2015 жылдарға жоспарланған 15 жобаның 7-еуі 96 пайызға жуық дайын тұр.