22.04.2014
Қызылорда облыстық әкімдігінің алқа мәжілісінде көктемгі егістік науқанына дайындық барысы талқыланы.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2014 жылы 160,4 мың гектарға егін егілмек. Соның ішінде 82,6 мың гектары бидайға, 55,1 мыңы жем-шөпке, 20,9 мыңы картоп, көкеніс пен бау-бақша өнімріне, 1,8 мың гектар егістік күнбағыс пен өзге де өнімдерге тиесілі.
Өңірдің басты егіні күріш шаруашылығына 76,6 мың гектар жер бөлініп отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі. «Маржан», «Янтарь», «Лидер» жән өзге е күріш түрлерінің 20 мың тонна тұқымы дайын тұр.
Егістік жұмыстарын сәуір айының үшінші жартысында бастап, 11 мамырға қарай аяқтау жоспарланған.
«Сонымен қатар, шаруа қожалықтарын субсидиялау секілді шешімін таппаған бірқатар мәселелер де жоқ емес», - делінген хабарламада.
Осы орайда облыс әкімі шаруа қожалықтарының жағайына мониторинг жасап, егістік науқанға дайындауды тапсырды. Шаруалардың егістік, суару мен ору жұмыстарына көмек көрсетуіміз керек, дейді әкім.