21.04.2014
Шара Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің, мемлекет органдарының, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «КазНИИСА» АҚ мен «Экономикалық зерттеу институты» АҚ өкілдері қатысты.
Алқа мәжілісінде қатысушылар Алматы агломерациясының күн тәртібінегі мәселелерін талқылап, қала орталығы мен қаланың шет жағындағы инженерлік инфрақұрылымның қазіргі жағдайы мен транспорттық мәселелер жайлы өз ойларын ортаға салып, Алматы агломерациясының аймақтық даму өңіраралық схемасы мен агломерация құрудың ұзақмерзімді жоспарын дайындауың негізгі мәселелерін қарастыры.
Болат Жәмішевтің айтуынша, Алматы агломерациясының аймақтық даму өңіраралық схемасын құру басты бағыты Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы болып табылатын қала құрылысы құжаттарын дайындау процесінің заңдыжалғасы болып табылады.
«Аймақаралық сызба нұсқаларда агломерицалық дамудың бағыттары егжей-тегжелі жазылады. Атап айтатын болсақ, Алматы қаласы мен Алматы облысына кіретін аймақтар. Бұл өз кезегінде Алматы мен оның табиғи аймағының проблемаларын шешуге ортыалық және жергілікті атқарушы органдарды, бизнес пен қоғамды жұмылдыруға бірегей мүмкіндік береді», - деп министр атап өтті.
Қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасында агломерацияны басқару үлгісі көрсетілді. Дәлірек айтатын болсақ, үлгінің келісілген басқару үлгісі сөз болды. Аталмыш үлгіге сәйкес республикалық маңыздағы қалалар, жақын орналасқан аймақтардың әкімдіктерімен бірлесіп астаналар, облыстық маңыздағы қалалар оған жақын орналасқан аудандарымен агломерацияны басқару мәселелеріне қатысты бірлесіп үйлестіру кеңесін құрады. Ол ҚР Үкіметінің бекіткен тәртібі бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар олар, агломерациялық қызметті дамыту бойынша өзара Меморандумға отырады.
Отырыстың қорытындысы бойынша, Алматы мен Алматы облысының әкімдіктері бірлесіп Алматы агломерациясының аймақаралық жоспарының пішіні мен уақытын айқындап қойған. Дәлірек, оның құрамына агломерацияның шекарасын таңдау ақпараты мен агломерация аймағындағы шоғырландыру жүйесін қалыптастыру сұрақтары енеді.