• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да 2014 жылы автомобиль өндірісі 2 есеге  көбейді 18.04.2014

Жоғары көрсеткіштер машина құрылысы саласында байқалды. 2014 жылдың алғашқы 3 айында 51,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл 2013 жылдың сәйкесінше кезеңімен 34,5%-ға жоғары, деп ШҚО Ақпарттық орталығынан хабарлады.

Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда оң өзгерістер өндірістің барлық салаларында байқалды. Мәселен, таукен өнімінің өндірісі  2013 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 101,5% құрады.

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, 2014 жылдың I тоқсанында өндірістік өнім 247,5 млрд. теңгеге жетті.  Ол өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 5,7 млрд теңгеге немесе 2,4%-ға жоғары.  

Айта кетерлік жайт, 2014 жылдың наурыз айындағы өндірістік өнімнің көлемі ақпан айымен салыстырғанда 2,7 есе артқан.


Back to the list