• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Ақтөбе облысында егіншілікті дамытуға бағытталған  қаржы екі есеге көбейді 18.04.2014

Бұл мәселелер облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымовтың баяндамасында жан-жақты айтылды. Мәселен, биылғы жылы жалпы аумағы 667,6 мың га алқапқа егіс салынбақшы.

Оның ішінде 505,8 мың га дәнді дақылдарды құрайды. Мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуге байланысты мал азығындық дақылдар алқабы көбейтілуде, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Бұл реттегі биылғы көрсеткіш 107,5 мың га мөлшерін қамтиды. Майлы дақылдар үлесі 45 мың, картоп 5,3 мың, ал көкөніс-бақша өнімдері 3,9 мың га алқаптан жиналмақшы.

Әрине, бұл шаруаларды тиянақты атқару үшін біраз қаржы, басқа да құрал-жабдықтар болуы шарт. Көктемгі-далалық жұмыстарды ұйымдастыру және өнім жинауға қатысты біздің облысымызға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, Селолық несиелік серіктестігі, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, «Азық-түлік несие корпорациясы ҰК» АҚ секілді қаржылық институттар арқылы біраз несиелік қаржы бөлінді.

Аймақта мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отырғандықтан жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер алдында мал азығындық және дәнді бұршақты дақылдар тұқымы өндірісін жолға қою міндеті қойылуда.

 

 


Back to the list