• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Антиконтрафакт»  халықаралық форумы алаңында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласының мәселелері талқыланады 18.04.2014

«Қазіргі таңа зияткерлік меншік құқын қорғау мен сақтау мәселесі сауда мен экономика саласындағы мемлекетаралық және халықаралық келісімнің бір бөлігі ретінде танылып отыр. Кез келген саладағы кәсіпкерлік жұмыстарын ЭЕҚ-на арналған бағдарламаларды енгізу мен пайдалануынсыз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, бағдарламалық қамсыздандыруды кеңінен пайдалану мәселесі зияткерлік меншік құқығының кей жағдайларда бұзылуына жол беріп жатты», - дейді Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Абзал Естаев.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 21 мамырына VII Астана экономикалық форумы аясында «Антиконтрафакт» II халықаралық форумы ұйымдастырылады.

«Ғаламтор арқылы орнатылатын бағдарламалардың шамамен 76%-ында зиянды кодтар бар. Оны кейін теріс пиғылда да қолдануға болады.  Пираттық іске ешқандай да экономикалық себеп байқалмайды. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін мемлекетке нарықта жұмыс істейтін компаниялар мен біз үшін пираттық дүниелермен күресте үлкен мүмкіндік бар», - дейді «Microsoft Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Алексей Рештенко.

Сонымен қатар, ұлттық заңнама құқық сақтау мен қорғауға кепілдік беріп, авторлық құқықты бұзған жағдайда әкімшілік және қылмыстық  жауапкершілікті қарастырған.

ҚР «Аралас және авторлық құқық туралы» Заңының 7 бабына сай, ЭЕҚ бағдарламасы авторлық құқықтың объектісі болып табылады. 


Back to the list