• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алдын ала тексеріс жүргізу прокуратура органдарының келісімімен жүргізілуі керек – Р.Сәрпеков 17.04.2014

«Қазақстанда соңғы 5-6 жылда кезеңдік гуманизация жасау жүргізілуде. Ал соңғы 2-3 жылда қылмыстың экономикалық түрлері бойынша мақсатты түрде гуманизациялау жүргізілуде», - дейді Р.Сәрпеков.

Оның айтуынша, жаңа Қылмыстық кодекс жобасында бұл мәселе ескерілген.

«Қазіргі таңда жекелеген сыни мақалалар да бас көтеруде. Өйткені мысал үшін айтайын, қазіргі таңда кейбір бас бостандығынан айыру жазалары ірі сомадағы айыппұл төлеумен алмастырылуда», - дейді депутат.

Алайда, халық қалаулысының айтуынша, Қылмыстық кодекс дұрыс жұмыс істеп, ал Қылмыстық-процессуалды кодекс оған көмектесуі керек.

Оның айтуынша, алдын ала тексеріс жүргізу прокуратура органдарының келісімімен жүзеге асырылуы керек.

«Осы норманы сақтай отырып, біздің ойымызша, қылмыстық сипаттағы кодекс блогы кәсіпкерліктің дамуына қызмет етуі керек», - дейді мәжілісмен. 


Back to the list