• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Қылмыстық  кодексінің қазақша нұсқасы нақты аударылуы керек – Р.Сәрпеков 17.04.2014

Оның пікірінше, ҚР Қылмыстық кодексінің қазақ тіліндегі аударма нұсқасы орыс тіліндегі мәтінінен алшақтап кетеді. Орыс тіліндегі ҚР Қылмыстық кодексінің төрт нұсқасының да мәтіні қазақ тіліндегі нұсқасымен сай келмейді. Онымен қоймай, тұтастай сөйлемдердің де аударылмай қалған жерлері бар.

«Қылмыстық-процессуалды және Қылмыстық кодекстің қабылдану артықшылығы және Қылмыстық атқару кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің де жаңалығы қазақ тіліндегі бірыңғай қылмыстық терминдердің алғаш қолданылуы болды. Бүгінде жоғарыда айтылған төртеуі  де қазақ тіліндегі мәтіндерде тұтастай сөйлемдер жоғалып кетеді. Прокурорлар мен қазылар осы заңы қолданар алдында екі тілдегі нұсқасын да ашуға мәжбүр болады, орыс тіліндегі мәтінмен салыстыра отырып қалт жібермеу үшін», - дейді депутат.

Оның мәліметінше, қазақ тілінде бірнеше мәнге ие сөздер де кездесіп жатыр.

«Қазақтың бай әдеби тілі терминологияны қабылдауда нақты бір мәнге ие болуы керек. Заң ғылымында арнайы бекітілген терминдер бар, қазірде осы тоқтамға келіп отырмыз», - дейді Р.Сәрпеков.


Back to the list