17.04.2014
«Аудан әкімдіктерінің өтініштері бойынша 3,1 мың көшет дайындалды, 120 жуық тиегіш пен 340 жүк көлігі тартылмақ, барлығы 460 астам машина және басқа да мамандандырылған техника лас орындарды жинап, көлемі 2,0-2,5 мың тоннаны құрайтын қоқысты шығарады», - деп хабарлады Астана қаласының әкімдігінде.
Бұл күні жалпы ауданы 491,4 га парк пен гүлбақ жиналып, 220 гүлзәр тазартылады.
Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне Басқармадан хабарлағандай, сенбілікке 8,5 мың кәсіпорын, ұйым мен мекеме, соның ішінде оқушылар, студенттер, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, министрліктер мен агенттіктердің қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен қоғамдық бірлестіктердің, шағын және орта бизнес өкілдері қатысады.