• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы әкімі қала дамуының оң динамикасын сақтауды тапсырды 17.04.2014

Жиында қала бірінші маусымда жоғары даму қарқынын байқатқаны айтылды. Жыл басынан бері өнеркәсіптік өндіріс 137,1 млрд теңгенің өнімін шығарса, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,4% артық. Өңдеуші өнеркәсіп өсімі 8,5% құрады, дейді қала әкімдігі.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі биылғы жылдың үш айы бойынша 74,1 млрд.тенгені құрап, 2013 жылдың осы уақытындағы көрсеткіштің 122,6% көбейген. Екінші деңгейлі банктер тарапынан 646,2 млрд теңге несие беріліп, 2012 жылдың кезеңімен салыстыранда 5,9% өсім байқатқан.

Қаржыландырудың барлық көздері бойынша 345,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, ондағы даму көрсеткіші 101,7% құрады.

Белгілі бір тенденцияларға қарамастан Алматы әкімі қала дамуының оң динамикасын сақтап қалуды тапсырды.

«Алматы қаласы бойынша инфляция көлемін белгіленген 6-8 пайыз аралығында ұстап тұру керек. Сонымен қатар, экономика өсімі резервін қарастырып, қаладағы кәсіпкерліктерді қолдау керек. Тиісті мекемелерге мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлініп жатқан қаражаттардың орынды жұмсалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын», - дейді әкім. 


Back to the list