• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада «жасыл» экономикаға өту үшін заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылауда 17.04.2014

Дөңгелек үстел барысында жаңартылмалы қуат көздері, атмосфераға көмірқышқыл газы қалдықтарын тастау мәселесі қаралады.

«Бұның барлығы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге дайындық мақсатында  жасалуда. Қазірдің өзінде Өскеменде күн батареяларын дайындау зауыты салынып, Шымкентте жарықдиодты лампалар шығарыла бастады. Бұл барынша тиімді және қауіпсіз. Біз елдегі экологиялық қауіпті барынша азайту жолында жұмыс істеп жатырмыз. Мен таяуда ғана Көкшетаудағы энерготиімділік тақырыбындағы конференцияда болдым. Сол кезде көптеген мектептерде жарықдиодты лампалар мен күн батареяларының қолданылатынына көзім жетті. Бұның барлығы «жасыл» экономикаға өту жолындағы атқарылып жатқан шаралар», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев.

Оның айтуынша, заңнаманы жетілдіру аясында ұйымдар мен зауыттарды «жасыл» технологияға өтуге ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.

«Менің ойымша, бүгінде әрбір өңір, әрбір қала «жасыл» трехнологияға өтуі керек. Кез келген ұйымның аталмыш технологияға өтуі үшін субсидиялау көздері де қарастырылуы керек», - дейді депутат. 


Back to the list