17.04.2014
2014 жылы Есенсай, Кеңсуат, Қурайлысай, Тасоба, Әтібек, Сайқұдық, Ерсары, Қандык, Анқат, Бесоба, Қоржын, Қарақамыс, Сәуле, Жусандыой, Жіңішке, Белогорка, Полтавка, Жырақұдық, Қособа, Первый Май, Коминтерн, Жетікөл, Қосарал елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етіледі, деп БҚО ішкі саясат басқармасында хабарлады.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында 2014 жылы 23 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 3,3 млрд теңге бөлінген.
«Биылғы жылы облыс тұрғындарының 87,6 %-ы немесе 556,9 мыңы газбен қамтамасыз етіледі. Мәселен, 2013 жылы бұл көрсеткіш 543,5 мың адамды құрады», - деп жазылған хабарламада.
2013 жылы елді мекендерге табиғи газ жеткізу үшін бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға 269,8 шақырым газ құбыры салынып, 9 ауылдың тұрғындарына көгілдір отын беріледі бастады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газбен қамтылу деңгейі 49,3 пайызды немесе 219 ССҚ немесе 444 ССҚ-на тең.