• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның зейнетақы активі 3,9 трлн теңгені құрайды – ҚР Ұлттық банкі 16.04.2014

«Біз зейнетақы қорларын консолидациясы бойынша көп жұмыс атқардық. Бұл әрекет 1 сәуір күні аяқталды. Жеке алып қарасақ, барлық қор Бірыңғай зейнетақы қорына  аударылды. Елде болған барлық зейнетақы активі 3,9 трлн теңгені құрайды», - деді Қ. Келімбетов.

Бас банкирдің айтуынша, аталмыш қаражатты орналастыру мәселсі талқыланып жатыр.

«Активтерге берілген шамамен 4 трлн теңге «Самұрық-Қазына» қорының мемлекттік құнды қағаздары ретінде орналастырылды. Сонымен қатар, түрлі валюталық құралдарға салынып, сонымен қатар жеке сектор облигациясы құралдарына да бағытталды. Біз осы активтерді міндетті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру жұмыстарын аяқтадық. Жалпы, біздің пікірімізше, алдағы уақытта Үкіметпен бірге экономикалық саясат кеңесіне осы қаражаттың жайын талқылайтын боламыз», - дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, Үкімет тарапынан белсенді атқарылып жатқан «Народное IPO» бағдарламасына деген қызығушылық жоғары. 


Back to the list