16.04.2014
«Жаман» несиелер туралы бүгінге дейін көп айтылды. Соңғы уақыттары бұл тіпті үлкен мәселеге де айналды. Шын мәнісінде біздің қаржы жүйесіндегі бұл үлкен тромб. Қалайша біз оны алып тастайтын болсақ, біздің банктер өз рейтингтерін көтеруге мүмкіндік алады. Соның ішінд шет елдерден инвестиция құйылады. Бастысы оларда несиелендіру еркі болды», - дейді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, ҚР Ұлттық банкі алдағы уақытта алға қойып отырған банктік сектордың басты міндеттемесі несиелендіру процесін шығару.
«2004-2007 жыдары несиелік портфельдің тіпті 50 және 80 пайызға дейін өсіп кеткенін өздеріңіз де білесіздер. Алайда бұл 10-13 пайызға дейін артты. Алайда бұл ел экономикасын алға сүйреуге әлі де болса жетпейді. 2004-2007 жылдары банк секторы 8 пайыздық экономикалық өсімнің 3 пайызын қамтамасыз еткен. Жалпысын айтқанда банктік сектор өте маңызды рөлге ие болды. Біз осыны қайталай отырып сабақ алуымыз керек», - дейді бас банкир.
«Біз тиісті шараларды дайынадық. Сәуір-мамыр айларында Үкіметпен біріг отырып негізгі шараларды қабылдап, 2014 жылдың екінші жартысында бұл өзінің жемісін бер бастамақ», - дейді.