• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Банк секторындағы жағдай тұрақты – ҚР Ұлттық банкі 16.04.2014

«Ұлттық банк экономиканың долларлануын қысқарту үшін шаралар кешенін қабылдады. Аталмыш бағдарламаны уақыт келегенде Үкіметпен бірігіп қабылдаймыз. Банк секторындағы жағдай тұрақты», - деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары банкте активтер мен жеке капитал мейлінше өсті, ол елдің экономикалық дамуында банктердің рөлі өскендігін көрсетеді.

«2013 жылы халықтың депозиттерiнің өсуi жалғасты. Жалпы алғанда 2013 жылы депозиттер көлемi 10 трлн теңгеден артып, 13%-ға өстi. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес депозиттер көлемi 11 трлн теңгенi құрады, яғни жыл басынан өсiм 10%-дан сәл төмен болды», - дедi Қ.Келiмбетов. 

Оның айтуынша, экономиканы несиелендiру көлемi 13%-ға артып, 11,3 трлн теңгенi құрады. 1 наурыздағы жағдайға сәйкес несиелендiру көлемi 12 трлн теңге болды.


Back to the list