16.04.2014
«КО пайда болғаннан бастап Ресей мен Беларусь елдерінің импортына салынатын жыл сайынғы ҚСС өсімі байқалуда. 2013 жыл бойынша, ҚСС жалпы түсімі қатысушы-елдер тарапынан 367 млрд теңгені құрады. Ол 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 41 млрд теңгені құрады. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда түсім 42 млрд теңгені құрады», - деді Ә. Жұмаділдаев.
Импортқа келетін болсақ, оның айтуынша Кедендік одақ қатысушы- елдерінің импорты 2013 жылы 3 трлн 59 млрд теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 340 млрд теңгені құрады, 2012 жыл бойынша импорт көлемі 352 млрд теңгені құрап, 2 трлн 719 млрд теңгеге тиесілі болды.
«Сондай-ақ, заңды тұлғалардың саны да өсуде. 2013 жылы инвесторлардың саны 4737-ге жетті, ол 2012 жылмен салыстырғанда 423 адамды құрады», - деді Салық комитетінің төрағасы.