15.04.2014
Дәстүрлі түрде бағдарлама аясында ғаламтор-көрмесі мен конференция өтеді, деп «Техникалық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ хабарлады.
Көрме Қазақстан мен Ресейдің компанияларын жақын және алыс шет мемлекеттерге өздері мен қызметін таныстыруға бірегей мүмкіндік береді. Шарада ғаламтор мен Қазақстанның ІТ индустриясынының, қазақстандық Ғаламтор сегментінің көшбасшы компанияларының жаңалықтары ұсынылады.
Internet Avenue аясында қатысушылар қазақстандық ғаламтордың барлық тұстарын: Қазнеттың дамуы, ғаламтор нарығының эволициялық дамуын анықтайтын негізгі трендттер, ғаламтор бизнесінің экономикалық құрамы, ғаламтор жобаларын ақшалы ету және т.б. талқылайтын болады.
Баяндамамен Ресейден келген бірігей қонақтар Mail.Ru Group, Яндекс, Google, All.biz, SeoPult, SAPE, Intelligent Emails/Ofsys, ExpertSender компанияларының өкілдері сөз сөйлейді.
Сонымен қатар, ғаламтор көрмесі шеңберінде «Ғаламтордағы балалардың қауіпсіздігі», «Электронды коммерция. 2013-2014 жж трендттері» және т. б. тақырыптарда пікір-талас өтеді. Дәстүрлі түрде инвесторлар үшін жаңа жобаларды таныстыратын Startup + Invest Avenue сессиясы да өтеді.