• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Самұрық-Қазына»  16 бейінді емес  актив пен  19 бейінді емес нысанды 2014-2015 жылдар аралығында жүзеге асырады 14.04.2014

«2014-2015 жылдар аралығында «Самырұқ-Қазына» жалпы балансты құны 50,8 млрд. теңге болатын  бейінді емес 16 активті және 19 бейінді емес нысанды жүзеге асырады.  Алайда, қазіргі таңда біз осы жұмыстарды ірі активтер жүзеге асыратын кезге келдік. Мысалы «Думан» қонақ үй кешені, «Сарыағаш» санаторийі,  «Ақбұлақ» сауықтыру кешені , ҚТЖ оңалту орталығы. Біздің активтеріміз Грузия, Түркия, Қырғызстанда бар, облыс орталықтарындағы мәдениет сарайлар. Бұл жұмыстарды біз жыл соңына дейін тәмәмдауымыз керек», - деп Ө. Шүкеев хабарлады.

Сонымен қатар ол, бүгінде «Самырұқ-Қазына» жекешелендіруге жататын компаниялар тізімімен жұмыс істеуде және профильді бизнеспен айналыспайтын компанияларды анықтады.

«Мысалы, күн батареяларын жасақтайтын және т.б компанияларды біз 100%  нарыққа шығарамыз және жекеменшік секторға сатамыз. Ал, осы өлшемдердің бірі сақталмаған кезде компаниялардың акциялары мен үлесінің бір бөлігі саудаланады», - деп Ө. Шүкеев түсіндіріп өтті.

Сонымен, ҰӘҚ 500-ден астам компаниядан 209 компанияны белгіледі.

«Жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде 103 компания жекешелендіреміз, 50 компанияны екінші деңгейдегі банктермен бірге жекешелендіреміз, 54 компания жабылады, 20 қайта құрылады, 5 мемлекеттік органдардың меншігіне береміз», - деп ол атап өтті.

2014 жылы IPO шеңберінде «KEGOC»АҚ 10% акциясын және  SPO шеңберінде  «Маңғыстау электртораптық бөлу» АҚ  75% акциясын саудалау жоспарлануда.

 

2015 жылы қор нарығына «Самырұқ-Энерго» АҚ мен «ҚазТемірТранс» АҚ 10% акциясын және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ,  «ҚазТрансГазАлматы» және «Транстелеком» АҚ 49% акциясын шығару көзделуде.  Осы ретте 2016 жылы

IPO аясында «Қазатомпром» АҚ мен  «Қазақстан Темір жолы» АҚ 10% минус 1  акциясын саудағы шығару жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет  «Самырұқ-Қазына» АҚ бірлесіп Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасын жасақтауда.

 

 


Back to the list