• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
И.Сауэр: Ұлттық инвесторлар кеңесінің  отырысы қазақстандық кәсіпкерліктің қалыптасу тарихына енеді 14.04.2014

«Мәселені қарау форматы ақпараттық сипатта болды. Отырыста көптеген жаңалықтар айтылды. Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасы жақсы дайындалған. Жалпы кәсіпкерлік құрылымдардың бүгінгі күнгі міндеттемелері туралы сөз болды. Кедендік одақ аясына іске асырылатын және қолға алынуы тиіс жұмыстар мен күн тәртібіндегі мәселелер ортаға тасталды», - дейді И.Сауэр.

«Қазақстанның ет-сүт кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Иван Сауэрдың айтуынша, табысты кепілдендіру, инвестиция мәселелерінде айтарлықтай өзгерістер аталып, мемлекеттің кәсіпкерліктің дамуына бөліп жатқан қаражаттарының аты аталып, түсі түстелді.

«Басты назарға алынған капиталға рақымшылық жасау жайы. Жалпы, менің пікірімше, бұл кездесу қазақстан кәсіпкерлігінің қалыптасуында тарихқа енетіндей айтулы оқиға», - дейді басқарма төрағасы. 


Back to the list