• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кәсіпкерлер үшін көктемгі егісті несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі қызмет етуде 14.04.2014

Кез келген шаруа 8 800 080 70 80 тегін нөміріне қоңырау шалып, «ҚазАгро» холдингісінің еншілес компаниялары - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіске несие алу шарттарымен танысып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы дақылдарды егуге арналған техниканы лизингке алу ережелерінен хабардар бола алады, деп холдингте хабарлады.

Call-орталық операторлары әрбір несиелеу бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіріп, ыңғайлы қаржылық құрал жөнінде кеңес беруі - желінің бірден бір артықшылығы болып табылады.

Сонымен қатар хабарласушылар көктемгі егіске қажетті материалдық-техникалық ресурстарды (тұқым, агрохимия, техника мен құрал-жабдықтар, жанар-жағармай) сатушы компаниялар жөнінде де ақпарат ала алады.

Оның үстіне сall-орталыққа хабарласып, көктемгі егісті жүргізуге қатысты отандық ғалымдардың ұсыныс-кеңестерін білуге де мүмкіндік қарастырылған.

Естеріңізге салатын болсақ, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның сall-орталығы 2008 жылы құрылған.

Айта кетерлігі, Ұлттық холдингтен егіс жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн. га жерде агротехникалық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 


Back to the list