• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада оқушылар қала ескерткіштері мен жақын аймақтарды тазалауда 12.04.2014

Астана оқушылары мен студенттері қала ескерткіштерін тазалап, айналасындағы аймақтарды да ретке келтіреді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Бүгінге дейін аталмыш бастаманың арқасында қаладағы Сәкен Сейфуллин, Абай Құнанбаев, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және өзге де тарихи тұлғалардың мүсіні тазаланған.

Астана қалалық білім беру басқармасының хабарлауынша, бұндай шаралар жастардың мәдениетін арттырып, патриоттық сезімдерін оятпақ. Акция бір ай бойы жалғасын таппақ.

Айта кету керек, 7 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада санитарлық тазалау, Астана қаласын көгалдандыру бойынша көктемгі тазалық маусымы өтеді. Ал 19 сәуірде «Біз таза қала үшін!» атты жалпыхалықтық сенбілік өтеді. 


Back to the list