• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонына арналған үздік жобалары ұсынылды 12.04.2014

Шара Иманғали Тасмағанбетовтың төрағалығымен өтті.

Байқауға осындай объектілерді жобалауда тәжірибелері бар 7 үздік компания, соның ішінде, 3 шетелдік (АҚШ, Италия, Иран) және 4 Қазақстандық компания қатысты, деп Астана қаласының әкімдігі хабарлады.  

Олар: «KAZGOR» ЖШС (Қазақстан), Қазақстанның сәулетшілер одағы (Қазақстан),Қазақстанның дизайнерлер одағы (Қазақстан), «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС (Қазақстан), EDAW AECOM (АҚШ), Марио Кучинелла (Италия), Курош Рафией (Иран).

Байқау талаптарына сәйкес келетін 20 жоба іріктелді, соның ішінде, 7 жоба тапсырыспен және 13 жоба бастамашыл жұмыстар.Байқау қорытындысы Астана қаласының қала құрылысы Кеңесінің мүшелерімен қарастырылғаннан кейін, сондай-ақ, Елбасы - Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өтетін Астананың даму мәселелеріне арналған жиналыс қорытындысы бойынша жарияланатын болады.

 


Back to the list