12.04.2014
Ресей ғалымдарының тәжірибесін қолдану 2012 жылы ҚР Президентімен тұңғыш рет Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығының IX форумында белгілі болды. Мемлекет басшысы ресейлік ғалымдарды Курчатов ғылыми қаласын құруға шақырды.
ҚР Президенті идеясын жалғастыру және ШҚО әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында РФ Алтай өңіріне бару сапарында ҚР Президентінің идеясын қолдауға шақырып, қазақстандық тараптың бастамасын қолдауға шақырды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
«Курчатовта өндірістік және ғылыми кадрлық база, ядролық технология сақталған. Ғылыми қаланы құруға барлық мүмкіндік бар. Біз Бийск қаласымен жақсы араласамыз. Курчатов қаласының базасында ғылыми қала құруды жоспарлап отырмыз», - деді ШҚО әкімі алтай өңіріне барған сапарында.
ШҚО әкімінің айтуынша, Бийск қаласының ғылыми қоғамымен кездесу барысында бұл сұрақтар талқыланды.
«Біз Курчатов қаласындағы кеңеске алтайлық сарапшылар мен мамандарды шақырдық. Бізге бұл ғылыми қалашықты құру өте маңызды», - деді Б.Сапарбаев.