• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Петропавлда әскери-патриоттық орталық ашылды 12.04.2014

Сапардың мақсаты Қарулы Күштердің оң беделін арттыру, әскери қызметті насихаттау және жастардың арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жандандыру, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

«Біздің мемлекетіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың дені сау, бақытты болып өсіп, еліміздің лайықты азаматтары, Отанымыздың патриоттары, тәуелсіз Қазақстанның сенімді қорғаушылары болуына үлкен көңіл бөлуде.Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында жастар саясатына барынша басымдық берілген», - деді ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов.

Сонымен қатар, Кездесу барысында Қорғаныс министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және Жас армияшылрадың республикалық штабы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы үш жақты меморандумға қол қойды. 


Back to the list