• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2020 жылға қарсы Қазақстан 100 мың автокөлікті экспорттауға ниетті - «Allur Auto» басшысы А. Лаврентьев 11.04.2014

«Ішкі нарық жақын жылдар арасында 6 млрд АҚШ долларын  құрайтын 300 мың автокөлік сату жоспарлануда. Аталған автокөліктердің  40 пайызын отандық кәсіпорын шығарады. Жалпы өнімнің  көлемі 5 есеге өсіп, өндіріс 190 мың автокөлікке өсті. 2020 жылға қарсы біз 100 мың автокөлікті экспорттауға ниеттіміз», - деді А. Лаврентьев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстандағы автокөлік Еуро-4 талабынан төмен шығарылмайды. Ал 2015 жыдың 1 қаңтарынан бастап Еуро-5 талабының автокөліктері шығарыла бастайды.

А.Лаврентьевтің пікірінше, қазіргі таңда компания Үкіметпен және ведомстволармен бірігіп автокөліктерді пайдалану мәселесі дайындалуда.

«Біздің елімізде 3,5 млн автокөлік бар, соның 2 млн-ының шығарылғанына 20 жыл толған. Бұл экологиядағы басты мәселе. Өкінішке орай, осының кесірінен апаттар да көптеп орын алады. Осы орайда біз пайдалану бойынша үлкен жұмыстар атқардық. Тақырыпты жан-жақты талқылап, бір жүйеге топтастырдық.  Сонымен қатар бұл адамдардың жаңа көлік алуына ынталандырады. Әрине, біздің парктер өз кезектерінде автокөліктерін де жаңартады. Шамамен 60 мыңдай көлік жыл сайын елімізде пайдалануға мұқтаж болады», - дейді А.Лаврентьев.


Back to the list