11.04.2014
«Барлық көрсткіштер бойынша ресейлік нарықтың толықтай ашылған жағдайында қазақстандық өнімнің шығарылуы 8 есеге дейін арта алады. Тұрғындарға біздің толықтай Қазақстанның мүддесін қорғау жолында жұмыс істеп жатқанымызды айтып түсіндірейік. Палата белсенді түрде тиісті заң жобаларын дайындауға ат салысуы керек. Өз кезегінде мемлекет барлық нарық субъектілерін бақылаудан бас тартып, өзін өзі реттеуші ұйымдарға ғана бақылау жүргізуі керек», - деді Президент.
Оның айтуынша, мемлекет қатысуының басты талабы экономикадағы кәсіпкерлік анықтамалықтар ұстанымы болуы керек.
«қазіргі таңда барлық нәрсенің жеке секторан шығатын уақыты. Со себепті біз жекешелендірудің екінші толқынын қолға алдық. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы тұрғыа белсенді жұмыс істеп, оның ашықтығын қамтамасыз етіп, қосымша серпін бергені жөн», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 жобасымен айналысатын ұлттық компанияларға осы ағыттағы жұмыстарға кәсіпкерліктердің қатысу бағдарламасын дайындауды тапсырды.