11.04.2014
«Уақыт біздің алдымызда жаңа міндеттерді қойып отыр. Бұл міндеттер жалпы ұлттық қаржы сектор мен экономика үшін басымдылыққа ие. Маңыздысы мемлекеттің қаржы секторындағы шекарасын білу.
Бүгінде басымдылыққа ие міндеттердің бірі - экономиканы жекешелендіру. Бізге дәл осындай шаралар қаржы секторындада қажет деп атап өткен жөн», - деп есептейді Ү. Шаяхметова.
Жалпы, Қазақстанның жаһандық қаржы дағдарысын аса ауыр нәтижелерсіз еңсеру ол қаржы секторының арқасы, деп Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы атап өтті.
«Соңғы кездері мемлекеттің үлесі коммерциялық бизнестің үлес басым болған салаларда артты. Мысалы, Ұлттық банктің еншілес компаниялар үлесі 1,5 есе өсті. Ұлттық банк қазақстандық қор биржасының шешуші пакетіне кірді. Содаң соң несиелік бюро, бірыңғай реестр құрылды. Сондықтанда біздің пайымдауымызша, дамыған және бәсекеге қабілеттік секторларды жекеменшікке берген жөн», - деп ол өз ойын ашық айтты.
«Ұлттық банктің орталық банк қаржы секторы сегменті үшін Ұлттық банктің қатысу өсімі артатын болса, бұл мемлекеттің мақсаты мен ұзақмерзімді міндеттемелеріне жауап беретінін білеміз. Бүгінде отандық қаржы секторына дағдарыстан кейін позициясын қалпына келтіруі үшін және тұрақты дамуға қол жеткізуі үшін көмек керек. Бұл ұзақмерзімді мақсатты реттеумен реформаның көрсеткіші болып табылады», - дейді У.Шаяхметова.
Оның айтуынша, қазірден бастап нақты секторда жекешелендіру процесіжүргізіліп жатыр.
«Біз қаржы секторында да осы бастаманың жалғастық тапқанын қалар едік. Мысалға,мен қазақстандық қор биржасын жеке секторға қайтаруды ұсынар едім. Және бұрындарыда боғандай Ұлттық банктің үлесін монетарлы пакет деңгейінен асырмауды айтар едім», - дейді.