11.04.2014
«Экономиканың басты бағыттарына инвестиция тартуды ынталандыру мақсатында индустриалды аймақтарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 15 индустриалды аймаққа сыртқы инфрақұрылымдары жүргізілді. Сонымен қатар, индустриялизацияның екінші бес жылдығымен бірге «БЖК» маңыздылығы арттырылуда», - деді Б. Сағынтаев.
Белгілі болғандай, бүгінде барлық ірі және моно қалаларда кәсіпкерлерге қызмет және қолдау көрсету орталықтары ашылған.
«2014 жылдың 1 шілдесіне дейін мұндай орталықтарды аудан орталықтары мен шағын қалаларды ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, дәл осы мерзімге дейін жас кәсіпкерлікті дамыту бойынша жастарға арналған жас кәсіпкер мектебін аудандарда құру жоспарлануда», - деп бірінші вице-премьер хабарлады.
«Аталмыш шаралардың нәтижесінде бірыңғай ақпараттық кеңес беру орталығы құрылады. Ол өз кезегінде бизнесті ашу және оны жүргізу құжатнамасы, мемлекеттік қолдауды алу жөнінде ақпарат пен кеңес алу мүмкіндігін арттырады», - деп ол толықтырды.