11.04.2014
«Барлық осы жұмыс тиісті заңнамада бекітіледі, оны Үкімет Парламентке биылғы жылы қыркүйек айында дейін ұсынады. Жуық арада 2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы қабылданады», - деп қосты ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.
Оның айтуынша, бұл үрдіс тиімсіз сұрақтарды шешіп, мемлекеттік аппараттың жұмысын жеңілдетеді.
«ШОБ нысандарының үдерісі жеңілдеп, жеке кәсіпкерліктің реестрі енгізіледі. Бұл белсенді емес кәсіпкерліктерді қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни кіші, орта, ірі бизнестің ара-жігін ажыратады», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сағынтаев.