• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қалған 150-ден астам рұқсаттама құжат  2014 жылдың соңына дейін автоматтандырылады – Б.Сағынтаев 11.04.2014

«Сіздің қолдауыңызбен, Нұрсұлтан Әбішұлы, «Рұқсаттама және ескертулер туралы» заң жобасы шұғыл деп танылып, қазір Парламентте талқыланып жатыр. Бұл заңның қабылданылуы жаңа рұқсаттамалардың пайда болуының алдын алып, олардың құрылуын шектеп, сонымен қатар кәсіпкерлік механизмін барынша ашық етеді», - дейді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, бүгінде 458 құжаттың ішіне 300 шақты рұқсаттама құжаттары автоматтандырылып, қалғандары 2014 жылдың соңынан қалмай автоматтандырылмақ.

Лицензияға келер болсақ, бірінші вице-премьердің мәліметінше, олардың берілуі бүгінге дейін толықтай автоматтандырылған.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп барлық заңнамаларға тексерістер жүргізіліп, 230-ден астам кәсіпкерліктің дамуына кедергісін келтіріп отырған инертті формалар анықталды. Олар енді алынып тасталады немесе түзетіледі», - дейді.

Сағынтаевтың айтуынша, мемлкеттік бақылау мен тексерудің әдістерін қайта қарау аясында жоспарлы тексерістерден қауіпті бағалау жүйесі негізіндегі барынша тиімі бақылауға қарай көшіріледі.

«Осы мақсатта қазірдің өзіне мемлкеттік органдар қызметін бақылаудың сараптамасы жүргізілуде. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып мемлекеттік бақылаудан кәсіпкерлердің жауапкершіліктерін сақтандыруға алмастыру мәселесі қаралуда. Кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды азайту үшін және жемқорлықтың алдын алу үшін тексерістер өткізіледі», - дейді Б.Сағынтаев. 

 


Back to the list