11.04.2014
Екі күндік сапар барысында халық қалаулылары Петропавлдың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралайды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі. Бірінші күні, 14 сәуірде депутаттар облыстық балалар ауруханасы жанындағы бейімдеу бөлімінің, есту қабілеттері төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың және протезді-ортопедикалық орталық жұмысымен танысады.
Сонымен қатар, мәжілісмендер Петропавл балалар психоневрологиялық интернат-үйінің ұжымымен кездесіп, мүгедек спортшылармен кездеседі.
Депутаттар Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жұмыспен қамту орталығы жұмысымен таныспақшы.
Сейсенбіде, 15 сәуірде парламентария облыс орталығына Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысын өткізеді. Күн тәртібіндегі мәселе – 2012-2018 жыдарға арналған Қазақстан Респуликасындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру мен құқықтарымен қамтамасыз ету шараларының Ұлттық жоспарының орындалу барысы.