• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Талдықорғанда  кезекте тұрғандар үшін жаңа ауданның құрылысы басталады 11.04.2014

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Корпорациясы» акционерлік қоғамы еліміздің 4 аймағында 20 тұрғын үй нысанын тапсырады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

9 қабатты 1 тұрғын үй нысаны. Ал Талдықорған қаласы бойынша құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттамасы бүгінгі таңда бекітілуде екен.

Шаһарымыздың оңтүстік-батыс бөлігінде тұрғызылатын тұрғын үй кешенінің құрылысы биыл басталмақ. Ал 9 қабатты 20 тұрғын үй, 16 қабатты 4 тұрғын үй жаңа шағын ауданның негізгі құрылыс нысандарына айналмақ.

Келісім-шартқа сәйкес тұрғын үй кешенінің жалпы көлемі 67 мың шаршы метрді құрамақ.

1 шаршы метрдің құны 127 600 теңге шамасында болады деп жоспарлануда. Нақты бағасы мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша шығарылады. Ал жалдамалы баспана жалға алушыға 15 жыл мерзімге беріледі.

Айта кетейік, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс Корпорациясы» акционерлік қоғамы тұрғызған жалдамалы баспана жергілікті әкімдіктің тізімі бойынша беріледі. Сондай-ақ, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында Корпорация 2014 жылы еліміздің тағы бірнеше аймағында тұрғын үй құрылысын бастамақшы.

 

 


Back to the list