• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазақстандық өнім жасаймыз!» форумының қатысушылары қазақстандық қамтуды дамыту мәселесіне көңіл аударғаны үшін ҚР Президентіне  алғыс айтты 10.04.2014

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің бастамаңызбен қолға алынған индустриялды даму бағдарламасының арқасында біз, қазақстандық өндірушілер, жаңа жұмыс орындарын ашып, тауар тізімін кеңейтіп, өз өндірістерімізді жетілдіріп, сонымен қатар «Қазақстанда жасалған» лейблімен шығарылатын өнімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік алып отырмыз және ақырындап жаңа сату нарықтарын игерудеміз», - дейді бас директор.

Б.Қырықпышев «Қазақстандық өнім жасаймыз!» V мерейтой форумына қатысушылардың атынан қазақстандық қамтуды дамыту бойынша жүргізіп отырған саясаты үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.

«Бұл бағыттағы мемлекеттің қызметі қазақстандық өнімді бұдан ары дамытуды жеделдететін диалогтық алаң құруға мүмкіндік беретін айтарлықтай қолдаулар көрсетеді. Жыл санап жергілікті қамтамасыз ету үлесі артып келеді.  Бұл өндірушілердің тиімділігін арттыру үшін таптырмас ынталандыру болып табылады. Іскерлік алаң екіжақты қатынас, әріптестік қатынасты бұдан ары дамыту мәселелерін талқылауға жағдай жасайды. Бұл кездесу басты тақырыбы шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді қолдау мен оның әртараптығын арттыру жүйесі болып табылатын республикалық диалогтық алаң болып отыр. Бұл өз кезегінде жаңа кәсіпкерліктер ашуға, қазақстандық тауарды өндіруге, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен республика тұрғындарының әлеуетін арттыруға бастама болады», - дейді Б.Қырықпышев.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, ірі кәсіпкерліктер мен өндірушілердің ашық диалогында көрініс тапқан қазақстандық қамтуды дамыту мәселесін назардан тыс қалдырмағаныңыз үшін тағы да алғысымызды білдіреміз. Бұл бастамада профилді ведомствалардың, ірі компаниялардың ерен еңбегінің бар екенін білеміз және өз тарапымыздан қазақстандық өндірушілердің сенімін ақтауға күш саламыз», - дейді Б.Қырықпышев форумға қатысушылардың атынан.


Back to the list