• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада «Қазақстандық өнім жасаймыз!» атты  V мерейтойлық форум басталды 10.04.2014

«Соңғы 5 жылда «Қазақмыс» ЖШС 560 млрд теңгенің жұмыс, қызмет пен тауарын алған. Бұл тек отандық өнімге тиесілісі ғана. 2013 жылы компанияның сатып алған қызмет, тауар мен жұмысы 223,8 млрж теңгені құраған. Соның ішінде қазақстандық өнімнің үлесі бір жыл бұрынғы 62 паыздан 67 пайызға артқан», - деп хабарлайды компания.

Мерейтой форумына отандық және шет елдік кәсіпкерліктердің, мемлекеттік профилді ведомстволардың және даму институттарының 500 делегаты қатысуда.

Жалпы, форум «Қазақмыс» компаниясының ақпараттық алаңын қамтиды. Онда барлық қатысушыларға өнім мен қызмет көрмесіне қатысу мен келіссөздер өткізу мүмкіндігі ұсынылған.  

Компанияның хабарлауынша, Қазақмыстың ең ірі жобаларының бірі кен өндіру техникасы үшін ірі шиналарды қалпына келтіру мен жөндеу бойынша «МысШинна» зауытын құру болып табылады. Зауытта 100 жаңа жұмыс орны ашылып, 2013 жылы кәсіпкерлік 869 шинаны қалпына келтірген. 2014 жылдың өндірістік жоспары 956 шинаны жөндеуге жоспарланған.


Back to the list