• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШОБ тексеруге мораторий жариялау ел экономикасына оң әсер етеді - Г.Елеуов 09.04.2014

«Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялаудың тиімділігі өте жоғары болатынына сенімдімін, себебі мемлекеттік деңгейде кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі шараларды қабылдау жоспарланған. Бұл жоспарлы тексерулерді жүргізуді алып тастау, омбудсменнің жаңа институтын енгізу, кәсіпкерлік қызметті реттейтін мемлекеттік заңнамалық актілердің барлығы шоғырландырылған  Кәсіпкерлік кодексін қабылдау болып табылады», - деп есептейді Г. Елеуов.

Оның айтуынша аталмыш жаңашылдықтардың барлығы кәсіпкерлікке деген талаптарды қысқартып жеңілдетеді және өз кәсібін ашқысы келетін қазақстандықтардың санын арттырады.

«Осы процестердің барлығы ел экономикасына жақсы әсер етеді. Осылайша Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену арманын жақындата түседі», - деп емхана директоры ағынан жарылды.


Back to the list