09.04.2014
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң жобасы мыналарды құрайды: «Лицензиялау туралы» заң, басқа рұқсаттар туралы жаңа ережелер, «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңның бөлігі. Заң жобасына қосымшада 736 құжат енгізілген, соның ішінде 703 рұқсат және 33 хабарлам бар», - деді Б.Жәмішев.
Ведомство басшысы атап өткендей, заң жобасында белгіленгендей, рұқсаттар мен хабарламалар қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін алынады. Рұқсатты алу және хабарлама жасау міндетті болып табылады. Алмаған жағдайда жауапкершілік қарастырылады.
«Заңның қағидаттарына тоқталсақ, тұтынушылар, бизнес және мемлекет мүддесінің теңгерімі, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртіптерін енгізудің негізділігі және тиімділігі, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік, өзара жауаптылық, сыбайлас жемқорлықтан еркіндік қамтамасыз етіледі», - деді Б.Жәмішев.
Айта кетейік, аталмыш заң жобасына қоса 8 Кодекс пен 73 Заңға толықтырулар енгізілді.