• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көкшетауда 100 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынады 09.04.2014

Жалпы Көкшетауда 18 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған, соның ішінде 11-і «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі. Медициналық қызметкерлер үшін бөлек 2 үй салынса, тағы 2 үй жас отбасыларға арналмақ. Жалпы биыл 300 пәтер халықтың игілігіне ұсынылу көзделген.

Облыс орталығын дамыту туралы жиын барысында өңір басшысының орынбасары Ермек Маржықпаев басты басымдылық баяғыша үй құрылыстары секілді аймаққа орналасу жағынан да атқарылған жұмыс сапасына назар аударылатынын айтты.  

Жиында ТКШ жаңғырту бағдарламасын ары қарай іске асыру әселесі талқыланды. Бас-аяғы 40 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына 800 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда объективті себептермен тек бір ғана үй пайдалануға берілмеген. Алайда облыс әкімі орынбасарының осы мәселеге қатысты сөгісінен кейін қала әкімі Жарқын Жұмағұловтың айтуынша, қайтарылған ақшаны жинау көрсеткіші 60 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, қаланың Бурабай, Юбилейний, Васильковский мен Көктем шағын аудандарының ішкі аумақтық жағдайы да талқыланды. Жоспар бойынша аталмыш шағын аудандарда халыққа жайлы жағдай жасалып, жарықтандыру мен асфальттау жағы қолға алынбақ. Мамыр айынан бастап сумен қамтамасыз ету және су тарату желілерінің жөндеу жұмыстары басталып, кейін жылу желілері қолға алынбақ.

 


Back to the list