08.04.2014
«ҚР Статистика агенттігі қолданушылардың сұранысын қанағаттандыратын мәліметтерді жинау және сапасын арттыруды кеңейтпек, сонымен қатар, респонденттерге түсетін жүктемені азайтпақ. Атап айтатын болсақ, 2016 жылға дейін отандық кәсіпорындар тапсыратын өтініштер көлемін 16%-ға, ал статистикалық есеп үлгілерін 40%-ға қысқартады», - деді А.Смайылов.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы ҚР Статистика агенттігі 5 жылдық «ҚАЗСТАТ» ұлттық статистикалық жүйе жобасын жүзеге асыра бастады. Ол халықаралық тәжірибені есепке ала отырып Қазақстанның статистикалық жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Жоба статистиканың әр саласы жете суреттелген 5 жылдың жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, БҰҰ және Еуростаттың халықаралық стандарттары есепке алына отырып 50-ден астам әдістеме жетілдіріледі, жаңа стандарттар, классификаторлар мен басқару енгізіледі.
Сондай-ақ, шетелдік серіктестер жалпы ұлттық статистикалық жүйедегі оң өзгерістер мен даму динамикасын атап өтті.