• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да қызметтік үй құрылысына 108 млн теңге бөлінді 08.04.2014

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, 214 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші «Жұмыс берушінің қажеттілігі аясындағы қоныстандыру мен оқыту арқылы жұмысқа тұрғызуға көмектесу» бағытын іске асыру үшін республикалық бюджеттен қызметтік тұрғын үй құрылысына 108 млн теңге бөлінді. Ал қоныстандыруға 5,6 млн теңге субсидия бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысында бағдарламаны іске асыра бастағаннан бері 13 елді-мекендегі тұрғын үй құрылысы аяқталды. Соның ішінде өңірдің кәсіпкерлерінің 10 пайыздық қаржыландыруымен тұрғын үйлер салынып, адамдарға үй алынды.

«Шығыс Қазақстан облысы «Жұмыс беруші қажеттілігі аясындағы еңбек ресурсы мобильділігін арттыру» компонентін іске асырудағы қаржыландыру бойынша қанатқақты нұсқасы қолға алынды. Біздің кәсіпкерлер өз қызметкерлеріне тұрғын үй салып беріп, сол арқылы жоғарғы нәтижелерге жетуден тайынбайды», - дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Ольга Кузовлева.

Қазіргі таңда Риддер мен Зайсанда 4 көппәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Өскемен мен Семейде жас қызметкерлерге арналған жатақхана құрылысы жалғасуда.


Back to the list