08.04.2014
«Компанияның соңғы тұтынушыларының тұрақты соңғы бағасы 10-нан 14 теңгеге дейін, бұл қазіргі таңдағы тарифтің нысанды бағасы. Біз Үкіметтің төрағалығымен тарифтерді көтермеуді ұйғардық», - деді А. Сәтқалиев.
«Самұрық-Энерго» мемхолдингтің басшысы айтқандай, Екібастұз ГРЭС-1 аяқталған соң энегргияның қуаты мейлінше көбейеді.
«Станцияны жаңғырту бағдарламасын аяқтаған соң, оның қуатын арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Екібастұз ГРЭС-1 станциясының қуаты шамамен 3 мың мегаватт, ол 4 мың мегаватқа жеткізіледі. Бұл жалпы алғанда компанияның инвестициялық тартымдылығын арттырады», - деді «Самұрық-Энерго» басшысы.
Айта кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ – іскерлік сегменттермен жұмыс істейтін интеграцияланған топ. Ол көмір өндірісін, электр энергиясының генерациясы мен шығынды өз құрамына қосады. Топ 32 пайыз генерацияны қамтамасыз етеді.